10 қаңтар 2020 11:31

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды. Ауыл тұрғындары эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kg © 24.kg

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Тәжікстанға көрші тұрған Көк-Таш ауылының тұрғындары қауіпсіздік мақсатында мектептерге уақытша орналастырылды", - деп хабарлады Баткен облысы әкімшілігінің баспасөз қызметіндегілер.

Олардың айтуынша, Дахма ауданының тұрғындары да эвакуацияланды.

Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің өкілдері белгісіз біреулердің көліктер мен үйлерге тас лақтырғанын айтады. Шекара қызметкерлері оқиға орнына барған. Нәтижесінде Тәжікстан тарапының атыс шығарып жатқаны анықталған.

"Қазіргі уақытта атыс тоқтатылды. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісіп тұр, бірақ тұрақты. Шекара бөлімшелерінің қызметкерлері Баткен облысына барды, барлығы күшейтілген тәртіпте", - деді шекара қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети