1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды 19 қаңтар 2021, 14:41

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Республиканың денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Республиканың денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтауға арналған тоңазытқыштардың болмауы себеп болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бізге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылды. Алайда вакцинаны -70 градус температурада сақтау керек. Біз миллионнан аса дозаны тегін бергіміз келді. Вакцинациялау үшін бізге арнайы тоңазытқыштар қажет. Бірақ бізде мұндай тоңазытқыштар жоқ", - деді министр мемлекеттік "Бірінші радиоға"("бірінші радио") берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мұндай температураны ұстап тұра алатын тоңазытқыш шамамен төрт мың доллар тұрады. Ал бюджетте ондай қаражат жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!