07 маусым 2021 16:42

Қырғызстан президенті мас судья түсірілген видеоға ызаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сот және құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі кеңестің бірінші отырысында мас судья түсірілген видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме.

Ол жиында видеоны қосуды сұрайды. Онда мас адамның кеңсені қалай ашуға тырысқаны түсірілген. "Таныдыңыз ба?" - деп сұрайды Садыр Жапаров Жоғарғы Сот төрағасы Нұргүл Бәкіровадан.

"Шу облыстық сотының басшысына ұқсайды", - деп жауап берді ол.

Садыр Жапаров Шу облыстық сотының төрағасы Дамирбек Онолбековке қатысты шара қабылдауды тапсырды.

"Ол күн сайын жұмысқа мас күйде келеді екен. Заңдарды алтын әріптермен жазсақ та, судьялар өзгермейінше реформамыз нәтиже бермейді", - деді Қырғызстан президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети