Қырғызстан президентінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Қырғызстан конституциясына сәйкес президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенештің төрағасына (спикерге) өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан конституциясына сәйкес президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенештің төрағасына (спикерге) өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент осы Конституцияда көрсетілген себептер бойынша өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілеттігін Жогорку Кенеш төрағасы атқарады", - делінген ел конституциясының 68-бабында.

Қазір парламент спикері Қанатбек Исаев. Оған 78 адам дауыс берген, 2 адам қарсы болған.

Ол бүгін таңертең Жээнбековті отставкаға кетпеуге шақырған болатын.

"Ол қазір өкілеттігін қалдырмауы керек. Бұл дұрыс емес және бұл тәртіпсіздіктердің жаңа кезеңін тудыруы мүмкін", - деген ол.

Сондай-ақ, ел заңдарының негізгі жинағында президент өкілеттігін Жогорку Кенеш спикері орындай алмаған жағдайда, қызметті премьер-министр немесе премьер-министрдің міндетін атқарушы орындай алатыны көрсетілген.

Ал Қырғызстанның жаңа премьер-министрі - Садыр Жапаров.

Президенттікке мерзімінен бұрын сайлау мемлекет басшысының өкілеті тоқтатылған күннен бастап үш ай мерзімде өткізіледі.

Президенттің міндетін атқарушы адам Жогорку Кенешке мерзімінен бұрын сайлау тағайындауға, үкіметті отставкаға жіберуге, мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлауда президент лауазымына кандидат болуға құқылы емес.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарланған болатын.

Еске салайық, Жээнбеков халыққа үндеуінде елдегі шиеленістер сақталып отырғанын, ал агрессия бәсеңдемегенін және оның "тез арада отставкаға кетуін талап ету жалғасып жатқанын" атап өткен болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro