09 маусым 2020 16:04

Қырғызстан президентінің інісі сораның арнайы сұрпын өсіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылбек Жээнбеков. Фото: kenesh.kg Асылбек Жээнбеков. Фото: kenesh.kg

Жогорку Кенеш депутаты және Қырғызстан президентінің інісі Асылбек Жээнбеков  кейін шіріп кететін пакеттер мен бір рет қолданатын ыдыстар шығару үшін сораның арнайы түрін өсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Today.kg.


Жогорку Кенеш депутаты және Қырғызстан президентінің інісі Асылбек Жээнбеков  кейін шіріп кететін пакеттер мен бір рет қолданатын ыдыстар шығару үшін сораның арнайы түрін өсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Today.kg.

Жээнбеков ұсынысын 8 маусымда Жогорку Кенештегі аграрлы саясат, су ресурстары, экология және аймақтық даму комитетінің отырысында айтты.

"Бізде сора өседі және біз жылда оны жоямыз, бірақ іс оңға жүрмей тұр. Бүгінде сораның басқа сұрпын өсіруге болады. Оны кейін шіріп кететін пакеттер мен ыдыстар үшін егу керек", - деп ұсынды депутат.

Жээнбеков "қалдықсыз пластик" өндірісі үшін сораның арнайы сұрпы насихат етілсе, онда қоршаған орта мен экологияны қорғауға болатынын атап өтті.

Қырғызстанда есірткі сақтау және тарату, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдік егу заңмен қудаланады. Заңға сәйкес мұндай қылмыс үшін 13 мың сомға (70 мың теңгеге жуық) дейін айыппұл салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети