20 шілде 2015 | 15:01

Қырғызстанда екі лаңкес әлі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қырғызстанның арнайы қызметі тағы екі лаңкесті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек" өз дереккөздеріне сілтеме жасап. Ақпарат құралының мәліметінше, лаңкестер 2015 жылы 16 шілдеде Бішкекте болған арнайы операция кезінде көзі жойылған топтың құрамында болған. Олардың тұратын жерлері мен аты-жөндері әлі анықталған жоқ.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның арнайы қызметі тағы екі лаңкесті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек" өз дереккөздеріне сілтеме жасап. Ақпарат құралының мәліметінше, лаңкестер 2015 жылы 16 шілдеде Бішкекте болған арнайы операция кезінде көзі жойылған топтың құрамында болған. Олардың тұратын жерлері мен аты-жөндері әлі анықталған жоқ.

Өз кезегінде Қырғызстан МҰҚК мамандарының мәлімдеуінше, 16 шілдеде болған оқиғаға қатысқандарды іздеу шаралары әлі жалғасып жатыр. "МҰҚК қызметкерлері тәулік бойы мемлекет қауіпсіздігінің күзетінде тұр", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, таяуда Қырғызстанда елден кетіп бара жатқан жерінен Бішкекте өлтірілген лаңкестерге көмектесіп, оларды ақшамен және қарумен қамтамасыз етті деген күдікпен Жоғарғы Кеңестің бұрынғы депутатының ұсталғаны белгілі болды. МҰҚҚ мәліметінше, бұрынғы депутат Мақсат Кунакунов ДАИШ-тың 16 шілде күні өлтірілген мүшелерімен байланыc орнатып, оларға ақша берген. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, экс-депутат ұйым лидерлерінің бірі Тариела Жұмағұлов арқылы лаңкестерге ақша беріп, оларды қарумен қамтамасыз етіп отырған. Болжам бойынша, ұйымды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында Мақсат Кунакунов ДАИШ мүшелерімен бірге қаржы мекемелеріне шабуыл жасауды жоспарлаған.

Қырғызстан астанасындағы арнайы операция 16 шілдеде кешкі уақытта болды. Қырғызстан Республикасы МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде лаңкес болуы мүмкін делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, лаңкестік топтың тағы жеті мүшесі ұсталды. Қырғызстан ведомствосының мәліметінше, лаңкестік ұйымға Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары мүше болған және оларды 27 жастағы қазақстандық Жанболат Амиров басқарған. Ол оған дейін тағы бір қазақстандық Альберт Абхинмен бірге түрмеден қашып кеткен болатын, Абхин ұсталу кезінде өзін-өзі жарып жіберді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети