20 шілде 2015 12:15

Қырғызстанның экс-депутаты Бішкекте өлген лаңкестерге көмектесті деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Svodka.akipress.org © Svodka.akipress.org

Қырғызстанда елден кетіп бара жатқан жерінен Бішкекте өлтірілген лаңкестерге көмектесіп, оларды ақшамен және қарумен қамтамасыз етті деген күдікпен Жоғарғы Кеңестің бұрынғы депутаты ұсталды, - деп хабарлайды АКИpress. Ұсталған Мақсат Кунакунов болуы мүмкін.

МҰҚҚ мәліметінше, бұрынғы депутат Мақсат Кунакунов ДАИШ-тың 16 шілде күні өлтірілген мүшелерімен байланыc орнатып, оларға ақша берген. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, экс-депутат ұйым лидерлерінің бірі Тариела Жұмағұлов арқылы лаңкестерге ақша беріп, оларды қарумен қамтамасыз етіп отырған. 

Болжам бойынша, ұйымды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында Мақсат Кунакунов ДАИШ мүшелерімен бірге қаржы мекемелеріне шабуыл жасауды жоспарлаған.

Еске салайық, Қырғызстан астанасындағы арнайы операция 16 шілдеде кешкі уақытта болды. Қырғызстан республикасы МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде лаңкес болуы мүмкін делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, лаңкестік топтың тағы жеті мүшесі ұсталды. Қырғызстан ведомствосының мәліметінше, лаңкестік ұйымға Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары мүше болған және оларды 27 жастағы қазақстандық Жанболат Амиров басқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети