04 сәуір 2014 19:15

Қырғызстанда жаңа министрлер кабинеті жасақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев. ©ivest.kz Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев. ©ivest.kz

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев республиканың премьер-министрін тағайындау және жаңа министрлер кабинетін жасақтау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Қырғызстан Республикасы Президент әкімшілігінің саяси ақпараттар бөліміне сілтеме жасап. 

Қырғызстан президенті халық сайлаған депутаттардың министрлер мен Үкімет басшысына қатысты шешімін мақұлдады.   Министрлер кабинеті бұған дейін бірінші вице-министр қызметін атқарған Жоомарт Оторбаевты премьер-министрлікке лайық деп тапты. Жаңа үкіметте Мәдениет және ақпарат министрінен өзгелері бұрынғы құрамда өз қызметтерінде қалатын болды. Сондай-ақ, бұл жолы үш вице-премьер тағайындалып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 18 наурызы күні Қырғызстанда парламенттегі көпшілік коалициясы ыдыраған болатын. Соған байланысты 18 наурызда Қырғызстан премьер-министрі Жантөре Сатыбалдиев отставкаға кеткен-ді. 31 наурыз күні парламенттегі жаңа көпшілік коалициясы анықталып, Үкімет басшысы лауазымына бірегей кандидат ретінде Жоомарт Оторбаев ұсынылған еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети