25 желтоқсан 2019 08:58

Қырғызстанда жүргізушілер қазақстандық жол полицейлеріне наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қырғызстанның Талас қаласында ондаған жергілікті жүргізуші алаңда жиналып, Қазақстанның жол полициясы қызметкерлеріне наразылық білдірді, - деп жазады Turmush порталы.


Қырғызстанның Талас қаласында ондаған жергілікті жүргізуші алаңда жиналып, Қазақстанның жол полициясы қызметкерлеріне наразылық білдірді, - деп жазады Turmush порталы.

Жиналғандардың айтуынша, олар Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысады.

"Мұндағы проблема - Қазақстанның мемлекеттік органдарының тарапынан жүргізушілерге қысым көрсетіліп жатыр. Жүргізушілерді жол бойында тоқтатады. Жол қозғалысы ережелерін бұзасақ, хаттамалар толтырып, заң аясында айыппұл төлейміз. Бірақ қазір олар бізге соңғы екі-үш жылдағы айыппұлдардың хаттамаларын береді, біз ол жайлы білмейміз де. Сонымен қатар, бізді тоқтатқан кезде барлық мәліметті алып алады да кейін бізді суретке түсіреді. Бірақ біз ереже бұзды делінген хаттамалардағы күнді қарасақ, ол кезде біз Қазақстан аумағына кірмегенбіз. 230 мың сом көрсетілген хаттамалар бар, ең аз деген айыппұл - 12 мың сом. Бүгінде айыппұл төлемеді деген себеппен 10 адам депортацияланды. Біз басқа елдің аумағында жол ережелерін бұзбауға тырысамыз", - дейді жүргізушілердің бірі.

Басылымның мәліметінше, жергілікті биліктегілер жүргізушілерден бұл шағымды жазбаша түрде көрсетуін сұраған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети