17 ақпан 2014 14:41

Қырғызстанда лаңкестік жасамақ болған топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қырғызстанның Ош облысында республика аумағында террорлық әрекет жасауды ойластырған топтың алты мүшесі ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Контртеррорлық операцияның нәтижесінде Ош облысының алты тұрғыны қолға түскен. Олардың ең жасы - 1993 жылы туған, ең үлкені - 1981 жылғы. "Топтың ұсталған мүшелерінің бірқатары Сирияда халықаралық террорлық ұйымдардың лагерьлерінде дайындықтан өткен және содыр құрылымдары құрамында жауынгерлік қақтығыстарға қатысқан, ал қалған бөлігі - қылмыс әлемінің басқа да өкілдері", - делінген таратылған хабарламада. Ұсталғандар Ош пен Бішкек қалаларында лаңкестік әрекет жасау үшін атыс қарулары мен арнайы құралдарды сатып алмақ болған. Тінту кезінде ұсталғандардың көлігінен қолдан жасалған шолақ мылтық, құрастырылған газ тапаншасы, патрондар, бетперделер мен скотч табылды. Топ мүшелері қазір Ош қаласы ішкі істер басқармасының уақытша қамау изоляторында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети