03 ақпан 2014 19:23

Қырғызстанда медресе құлап, 53 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз Республикасының Жалал-Абад облысында дұға оқылып жатқан медресенің екінші қабаты құлап, 50-ден астам адам зардап шекті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Агенттікке ақпарат берген Жалал-Абад аймақтық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Жүсіп Қамбаралиевтің айтуынша, төтенше оқиға Созақ ауданының Кумуш-Азиз елді мекеніндегі діни ғимаратта болған. Мұнда қайтыс болған адамға арналып дұға оқылып жатқан. "Марқұммен қоштасуға 700-ге жуық адам келген. Олар ғимараттың ішіне - екі қабатқа түгел жайғасқан. Сол кезде жоғарғы қабаттың ағаш едені опырылып кетті", - дейді Қамбаралиев. Созақ аудандық ауруханасының мәліметінше, оқиға салдарынан 53 адам зардап шекті. Сегіз адам ауруханаға жеткізілді, оның үшеуінің жағдайы ауыр. Құлаған медреседе милицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети