11 шілде 2023 15:35

Қырғызстанда мұғалім мектепте асылып қалған

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.ru Фото vesti.ru

Бішкектегі мектептің подъезінде хореография пәнінің мұғалімі өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.


Бішкектегі мектептің подъезінде хореография пәнінің мұғалімі өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан осы мектепте хореография пәнінің мұғалімі болған ер адамның мәйіті табылды.

"Марқұм 37 жастағы А.Э. есімді ер адам. Мәйітті тексеру кезінде дене жарақаттары табылмады. Бұл дерек бойынша Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының журналына тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру басталды. А. есімді ер адамның өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Бішкек полиция қызметкері.

Еске сала кетейік, Көкшетауда 18 жастағы студент үй жанындағы қорада асылып өлген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети