Қырғызстанда тағы бір үйлестіру кеңесі құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда тағы бір үйлестіру кеңесі құрылды Фото: 24.kg

Қырғызстанда Халықтық үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл туралы журналистерге "Чон казат" партиясының жетекшісі Мақсат Мамытқанов айтты, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда Халықтық үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл туралы журналистерге "Чон казат" партиясының жетекшісі Мақсат Мамытқанов айтты, - деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, кеңеске "Ордо" партиясының лидерлері Мирбек Мияров, "Мекен Ынтымағы" партиясының төрағасы Темірбек Асанбеков, "Реформа" партиясының мүшесі Урмат Жаныбаев және "Ыйман Нұра" партиясының атынан Шыңғыс Мақешев кірді.

Кеңес мүшелері жақында "Достук" қонақүйінде өткен Жогорку Кенеш отырысында мақұлданған үкіметті мойындамайтынын мәлімдеді.

"Біз бұған дейін Садыр Жапаров пен Қамшыбек Ташиевпен кездестік. Олар Халықтық үйлестіру кеңесін құру туралы өтінішке қол қойды. Бірақ кейін Садыр Жапаров алтыншы шақырылымдағы Жогорку Кенеш депутаттарына барып, олардың кандидатурасын бекітті. Біз оған алдымен бізбен кеңесу керек екенін айттық. Біз Садыр Жапаровтың кандидатурасын мойындамаймыз", - деді Мақсат Мамытқанов.

Бішкектегі тәртіпсіздік: Қырғызстанда түнде жағдай қалай болды?

Еске салайық, Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шыққан болатын. Кеше таңертең олар Ақ үйге басып кіріп, ғимартты қиратып, өртеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети