16 қаңтар 2017 | 19:12

Қырғызстанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөндері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© k-news © k-news

Апатқа ұшыраған жүк тасымалдайтын ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары мәйіттерді тану процесіне қатысты. Қазіргі уақытта 32 мәйіт тексерілді, оның 13-і балалар, - деп хабарлайды Zanoza.kg


Иконка комментария блок соц сети

Апатқа ұшыраған жүк тасымалдайтын ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары мәйіттерді тану процесіне қатысты. Қазіргі уақытта 32 мәйіт тексерілді, оның 13-і балалар, - деп хабарлайды Zanoza.kg

Әзірше он адамның мәйіті анықталған жоқ, олар арнайы қапшыққа салынған. Олардың ішінде дене мүшелері бөлшектеніп кеткендері бар, олардың денесін құрастыру қажет. 

Басылып ұшақ апатынан қаза тапқандардың толық емес тізімін жариялады. 

Карыпбаева Гульзат Нурлановна, 2012 ж.т.

Карыпбаева Жылдыз Нурлановна 2014 ж.т.

Шералиева Сабина Уларбековна 2011 ж.т.

Шералы уулу Уларбек, 1990 ж.т.

Жуманалы кызы Акмарал, 1990 ж.т.

Чокоева Кундуз Талайбековна (беременная), 1985 ж.т.

Осмонов Санжарбек Абдуманапович, 1982 ж.т.

Шералиева Айдай, 2 жаста

Шаршенбеков Руслан Нурланович 2011 ж.т.

Исакова Гульжан Муратбековна 1980 ж.т.

Солтокенова Мариям Анарбековна, 2009 ж.т.

Кожаналиева Наргиза Эсенгуловна (жүкті),1988 ж.т.

Солтокенов Айбек Анарбекович 1988 ж.т.

Солтокенова Фарида Алмазбековна 1969 ж.т.

Кубанычбеков Аман Кубанычбекович 1997 ж.т.

Осы мәліметтерді Қырғызстан Республикасы Үкіметінің аппараты берген. 

Boeing 747-400 жүк тасымалдайтын ұшағы ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде құлаған. Әуе апатының салдарынан 32 үй қираған. Түрлі мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандардың саны - 35-37 адам.

"Ұшақ Бішкекте тағы жанармай құйып алуы керек болатын. Содан ұшқыш шамамен сағат 07.17-де біздің диспетчерден қонуға рұқсат сұрады. Ауа райы қолайлы болды, оған дейін сол жақта түнде 11 ұшақ қонған болатын - арасында жолаушылар ұшағы мен жүк тасымалдайтын ұшақ та бар", - деді Қырғызстанның вице-премьері.

Сондай-ақ, вице-премьердің айтуынша, мамандар ұшақтың ара-қашықтықты дұрыс есептемеген, сондықтан қонғанда қателік жасаған.

Zanoza сайты оқиға орны дронмен түсірілген видеосын жариялады.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан кем дегенде 16 адамның қаза тапқаны хабарланды. Агенттік Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта құтқарушылардың пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети