Қырғызстанның білім министрі ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның білім министрі ұсталған сәттің видеосы жарияланды Фото: 24.kg

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі білім министрі Алмазбек Бейшеналиевтің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі білім министрі Алмазбек Бейшеналиевтің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда шенеунікке қалай конверт беріп жатқаны көрсетілген. Алмазбек Бейшеналиев кездесу өтіп жатқан аумақта барлық жерде камера орнатылғанын айтады.

"Барлық жерде камералар тұр, солай ма? Бұл әбестік болды, бірақ рақмет", - дейді министр.

Басқа кадрларда Алмазбек Бейшеналиевтің көлікке мінгені, кейін оны полиция қызметкерлері ұстағанын көруге болады.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети