Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғызстанда білім министрі ұсталды 29 қыркүйек 2022, 08:40

Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото 24.кg сайтынан Фото 24.кg сайтынан

Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Алмазбек Бейшенәлиев ақша алып жатқан жерінен ұсталған.

"Аса ірі көлемде - 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден аса) пара алу дерегі тергеліп жатыр. Шенеунік шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Толық мәлімет тергеу нәтижелері бойынша беріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram