1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды 18 маусым 2021, 12:48

Қырғызстанның бұрынғы бірінші вице-премьері Тайырбек Сарпашев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Тайырбек Сарпашев. Фото: kenesh.kg Тайырбек Сарпашев. Фото: kenesh.kg

Қырғызстанның бұрынғы бірінші вице-премьері Тайырбек Сарпашев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан ҰҚК мәліметі бойынша, бұрынғы бірінші вице-премьер Тайырбек Сарпашев елдің жоғары саяси басшылығымен және канадалық "Центерра" компаниясы өкілдерімен сөз байласып, "Құмтор" кенішінде орналасқан мұздықтардың экологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қылмыстық әрекеттер жасады деп айыпталған. Іске қатысты соталды іс жүргізу белгіленген.

15 мамырда "Кумтор Голд Компани" кеңселерінде тінту жүргізілді. Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев "Құмтор" кенішіне қатысты төрт қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Қылмыстық іске қатысты парламенттің бұрынғы және қазіргі депутаттары Торобай Зұлпықаров, Исхак Пірматов және Талант Ұзақбаев МҰҚК тергеу изоляторына екі айға қамауға алынған. Сот шешімі бойынша бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабанов пен парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбеков те қамауда отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!