29 қаңтар 2021 15:07

Қырғызстанның экс-президенті Жээнбеков сотқа жауап алу үшін шақыртылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековті Бішкек қалалық сотына бұрынғы премьер-министр Дүйшенбек Зилалиевтің ісі бойынша жауап алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі экс-шенеуніктің адвокаты Таалайгүл Тоқтақыноваға сілтеме жасап.


Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековті Бішкек қалалық сотына бұрынғы премьер-министр Дүйшенбек Зилалиевтің ісі бойынша жауап алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі экс-шенеуніктің адвокаты Таалайгүл Тоқтақыноваға сілтеме жасап.

"Ол осы жылдың 3 ақпанында өтетін сот отырысына куәгер ретінде шақырылды. Дуйшенбек Зилалиевке "заңсыз баю" бабы бойынша айып тағылып отыр, ал оның заңсыз баюының бір жолы банк ұяшығынан бір миллион доллардың табылуы болған. Тергеу Зилалиев мемлекеттік қызметші болған соң оның мұндай ақшасы болуы мүмкін емес деп есептейді. Сооронбай Жээнбеков бұл ақшаға тікелей байланысты, себебі бұл ақша Сооронбай Жээнбековтің сайлау алды науқанына арналған болатын және менің қорғап отырған азамат (Сооронбай Жээнбеков - ескерту) ақшаны толығымен оған берді. Мұны бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков растауы мүмкін", - деді заңгер.

Адвокаттың айтуынша, Зилалиев бұл айғақтарды тергеу шаралары кезінде берген.

"Ол кезде Сооронбай Жээнбеков президент болды және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұл көрсеткіштерге тиіс баға берген жоқ, қаражат Зилалиевке тиесілі деп есептеді. Алайда, бұл жалған ақпарат болды, банктен ақша табылған видео желіде тарады, бірақ кадрда жазғы уақыт екені көрініп тұр. Зилалиев желтоқсанда ұсталды", - деді Тоқтақынова.

Экс-вице-премьер Дүйшенбек Зилалиев 2018 жылғы желтоқсанда қамауға алынды.

Бішкектің Первомай аудандық соты бұрынғы шенеунікті 2020 жылдың қазан айында 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір оның қорғаушыларының апелляциялық шағымы бойынша іс Бішкек қалалық сотында қаралып жатыр.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети