11 қазан 2018 15:06

Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік даму министрі шетелдік жолдамалар дауынан кейін қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таалайкуль Исакунова. © gov.kg Таалайкуль Исакунова. © gov.kg

Қырғызстан Республикасының еңбек және әлеуметтік даму министрі Таалайкуль Исакунова бейсенбіде шетелдік жолдамалар дауынан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Қырғызстан Республикасының еңбек және әлеуметтік даму министрі Таалайкуль Исакунова бейсенбіде шетелдік жолдамалар дауынан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Бас прокуратурасының нұсқасы бойынша, Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі көптеген шетелдік комондировкаларды заңға сәйкес талаптар бойынша орындамаған. Жыл басынан бері ведомство басшылығы 26 шетелдік комондировкаға шыққан, оның ішінде Ұлыбритания, Қытай, Швейцария, Сауд Арабиясы, Германия, Венгрия, Оңтүстік Корея және басқа да елдерге барған комондировкалардың қорытындысы жайлы көптеген жағдайда үкіметке есеп берілмеген. 

"Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жарлық шығарды, соған сәйкес Исакунова Таалайкуль Базаркуловнаның арызы бойынша еңбек және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылған", - делінген Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, қыркүйектің соңында еңбек және әлеуметтік министрінің орынбасары Зууракан Каденова Сеул - Алматы бағытында қатынайтын ұшақтың бортында болған жанжалдан кейін қызметінен кеткен еді. 

Таалайкуль Исакуноваға дейін осы министрлікті басқарған Құдайберген Базарбаев та 2017 жылы қазанда істі болып, жұмысынан кетуге мәжбүр болған еді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети