27 желтоқсан 2019 17:56

Қырым үстімен ұшқаны үшін Украина қазақстандық әуекомпанияға айыппұл салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырым үстімен ұшқаны үшін Украина қазақстандық Euro-Asia-Air әуекомпаниясынан бірінші айыппұлдарды өндірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қырым үстімен ұшқаны үшін Украина қазақстандық Euro-Asia-Air әуекомпаниясынан бірінші айыппұлдарды өндірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Украина Қырым үстімен ұшқаны үшін бірінші айыптарды өндірді. Қазақстандық әуекомпания алты мың доллар шамасында төледі", - деді Украина Қарулы күштері басқару баспасөз орталығының өкілдері. 

Агенттік мәліметінше, "Euro-Asia Air авиакомпаниясы" акционерлік қоғамын жауапкершілікке тарту нәтижесінде алынған ақшалай қаражат туралы сөз болып отыр. Содан кейін Украина мемлекеттік қызметі айыппұл салу туралы қаулы шығарған.

"Қазақстандық әуе жолдары өз кінәсін мойындап, осы қаражатты өз еркімен төледі. Сондықтан Украинаның мемлекеттік бюджеті 136 мың гривенге (5,9 мың долларға жуық) толықты", - деп жазды баспасөз қызметінің өклідері Facebook парақшасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети