05 ақпан 2014 10:22

Қысқа тұйықталу 6 млн бразилиялықты жарықсыз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Іnterest-planet.ru ©Іnterest-planet.ru

Қысқа тұйықталудың салдарынан Бразилияның 11 штатында 6 млн адам электр жарығынсыз қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Елдің электр жүйесі ұлттық операторының ақпаратына қарағанда, Токантинс штатының электр тарату желісінде қысқа тұйықталу салдарынан апат болған. Техникалық ақау бір сағаттан соң жөнделді. Жарықсыз қалған алты штат - биыл футболдан әлем біріншілігін өткізгелі отырған аймақтар: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Минас-Жерайс, Парана, Риу-Гранди-ду-Сул және Мату-Гроссу. Бұл штаттарда чемпионатқа арналған нысандар құрылысы жүріп жатыр. Футболдан әлем чемпионаты елдің 12 қаласында 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Бұған дейін Бразилия энергетика министрі Эдисон Лобан әлем біріншілігі кезінде елде электр қуаты тапшылығы болмайтынын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети