1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытай 4 сәуірді коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу күні деп жариялады

© REUTERS © REUTERS

ҚХР Мемкеңесі 4 сәуір COVID-19 эпидемиясынан көз жұмғандарды еске алуға арналған ұлттық аза тұту күні деп жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

Үкіметтің шешімі бойынша, бұл күні бүкіл ел бойынша және Қытайдың дипломатиялық миссияларында басқа елдерде мемлекеттік ту түсіріледі. Сонымен қатар, бүкіл Қытайдағы ойын-сауық шаралары тоқтатылады.

"Коронавирус індетімен өз өмірлері үшін күрескен "құрбан болған батырларымыздың" қайтыс болған отандастарымыздың туған-туыстарына көңіл айту үшін Мемкеңес 4 сәуірді Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылданды", - делінген мәлімдемеде.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 08.00-де) бүкіл ел індеттің барлық құрбанын бір минут үнсіздікпен еске алады. Айта кетейік, бұған дейін Қытай билігі коронавирустан қайтыс болған 14 медицина қызметкеріне "құрбан болған батырлар" атағын берген.

Еске салайық, Қытайда коронавирус індетін 81 620 адам жұқтырып, 3,3 мың адам қайтыс болған. Ел бойынша коронавирус індетінен барлығы 76 571 адам жазылып шыққан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!