1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытай алғаш рет Марсқа ғарыш аппаратын сәтті қондырды 15 мамыр 2021, 11:36

Сенбіде Марсқа қытайлық "Тяньвэнь-1" ғарыш кемесі сәтті қонды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасына сілтеме жасап
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: NASA Фото: NASA

Сенбіде Марсқа қытайлық "Тяньвэнь-1" ғарыш кемесі сәтті қонды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасына сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Тяньвэнь-1" аппараты 15 мамырда Қытайдың Марсты зерттеу жөніндегі бірінші миссиясы аясында планетада алдын-ала таңдалған Утопия жазығының оңтүстік бөлігіне сәтті қонды", - деп хабарлады агенттік өкілдері.

Орбиталық модульден, қону капсуласынан және роверден тұратын Марсты зерттеуге арналған алғашқы қытайлық "Тянвэнь-1" ғарыш кемесі 2020 жылдың 23 шілдесінде Хайнан аралындағы Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылды. Ол ақпанның соңында Марстың орбитасына кірді. Миссия сәтті болған жағдайда, аппарат алынған мәліметтерді биыл жерге жібереді.

Аппарат сенбіде Бейжің уақыты бойынша сағат 1.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша жұмада, сағат 23.00-де) күту орбитасынан түскені нақтыланды. Бейжің уақытымен 4.00-де аппарат орбиталық модульден бөлінді, шамамен 3 сағат ұшудан кейін Марс атмосферасына кіріп, 9 минуттан соң зонд сағат 7.18-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 5.18) сәтті қонды.

Миссия сәтті өтсе, ғалымдар Марстағы атмосфераны, жер бедерін, геологиялық сипаттамаларын, планетаның магнит өрісінің ерекшеліктерін зерттей алады, бұл Марстың және бүкіл күн жүйесінің пайда болуы мен эволюциясын ашатын кілтті табуға көмектеседі.

Дегенмен, миссияның басты мақсаты - Марста өмір белгілерін табу, сонымен қатар ғалымдарға болашақта бұл ғаламшардағы жағдайлар адам өміріне қолайлы болатындай өзгере ала ма деген сұраққа жауап іздейді. 

Айта кетейік, Қытай Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін Қызыл планетаның бетіне зерттеу аппаратын жұмсақ отырғыза алған үшінші ел.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging