07 ақпан 2021 10:21

Қытай билігі жергілікті вакцинаны кеңінен қолдануға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет :elements.envato.com Көрнекі сурет :elements.envato.com

Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік басқармасы жергілікті компанияның коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік басқармасы жергілікті компанияның коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік басқармасы Beijing Kexing Zhongwei Biotechnology компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын тіркеуге арналған өтінімді мақұлдады. Бұл вакцина коронавирустың алдын алуға жарамды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Енді Sinovac вакцинасын бүгінде халықтың барлық тобын жаппай вакцинациялау үшін қолдануға болады. Бұған дейін оны тек төтенше жағдайда және медицина қызметкерлері, көлік қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салуға рұқсат берілген. 

Бұған дейін Beijing Kexing Zhongwei Biotechnology компаниясының вакцинасы клиникалық сынақтың үшінші деңгейінен сәтті өткені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети