13 қаңтар 2021 09:24

Қытай Джонсонның коронавирус қайдан тарағаны туралы ойына қатал жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қытай Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның COVID-19-дың пайда болуына қатысты пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытай Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның COVID-19-дың пайда болуына қатысты пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұған дейін ұлыбританиялық үкімет басшысы коронавирус пандемиясының шығуына "панголиндерді қолданып емдеу тәжірибесін өткізу әдісі себеп болғанын" айтқан. Ұлыбританиялық Daily Mail басылымы осылайша Джонсон дәстүрлі қытайлық медицинаны "сынап тастады" деп болжаған. 

"Ер адамдардың қауқарын сақтауда панголиндердің қабыршағын қолдану миға қонымсыз. Коронавирус пандемиясы адам мен табиғат арасындағы дисбаланс нәтижесінде болған. Вирус жарқанаттардан не панголиндерден, сол жануардың қабыршағын үгіткен кезде сізде қандай да бір күш не тағы басқасы пайда болады деген ойдан тарады", - деген еді Джонсон. 

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь коронавирус қайдан пайда болғанын анықтау ісімен ғалымдар айналысқаны дұрыс екенін айтты. 

"Бұл мәселеге қатысты түрлі болжамын айтып, шу туғызатын адамдарға орын жоқ. Ол халықаралық ынтымақтастыққа теріс әсерін тигізеді", - деді дипломат. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети