23 шілде 2021 15:45

Қытай коронавирустың пайда болуын зерттеудің екінші кезеңін қолдаудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Қытай үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирустың пайда болуына қатысты зерттеуінің екінші кезеңін қолдаудан бас тартты, - деп хабарлайды Reuters


Қытай үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирустың пайда болуына қатысты зерттеуінің екінші кезеңін қолдаудан бас тартты, - деп хабарлайды Reuters

Агенттік мәліметінше, ДДСҰ мамандары коронавирустың жасанды жолмен жасалмағанына көз жеткізу үшін Ухандағы зертханада тексеріс жүргізбек болған. Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейсус Қытай билігінен пандемия мен алғашқы науқастар туралы мәліметті жасырмауды сұрады. Бұл мәліметтерді ДДСҰ алдыңғы зерттеуде ала алмаған болатын.   

Қытайдың денсаулық сақтау министрінің орынбасары Цзэн Исинь ел үкіметі бұл өтінішті қабылдай алмайтындарын мәлімдеді. 

"Біз коронавирустың пайда болуын тергеу жоспарын орындамаймыз, себебі ол ғылымға қарсы шығады. ДДСҰ Қытай сарапшыларының пікірлері мен ұсыныстарын мұқият қарастырып, саяси араласуға жол бермей, коронавирустың пайда болуын ғылыми мәселе ретінде қарастырады деп үміттенеміз", - деді Цзэн Исинь.

Ол алғаш рет ДДСҰ-ның жоспарымен танысқан кезде "таңғалғанын" жеткізді. Себебі ол жерде Қытай зертханалық хаттаманы бұзғаннан кейін зерттеу кезінде вирус тарап кеткені туралы болжамды зерттеу туралы айтылған екен. 

Ал Ухан вирусология институтының директоры Юань Чжимин зертханада 2018 жылдан бері вирус тарамағанын, ал зерхтананың өзі халықаралық стандартқа сай сертификатталғанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети