25 маусым 2018 15:34

Қытайда автотиегіш жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған сурет Видеодан алынған сурет

Қытайда автотиегіш айдаған жүргізуші бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан бір адам қаза болып, 10-нан аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қытайда автотиегіш айдаған жүргізуші бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан бір адам қаза болып, 10-нан аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға Астана уақытымен 10:20 шамасында Янтай қаласында болды. Жифу ауданындағы қоғамдық көліктің соңғы станцияларының бірінің маңында жүк тиеу машинасы адамдарды қағып кеткен.

Салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болып, 10-нан аса адам түрлі жарақат алған. Жақын арада орналасқан көліктерге де зақым тиген. 

"Қақтығысты тоқтату сәтсіз аяқталғаннан кейін, полиция қызметкерлері күдіктіні атуға тура келді", - делінген хабарламада. Алған жарақатынан жүргізуші қаза тапты.

Күдікті Хэйлунцзян провинциясының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Әзірше оның бұл әрекетке баруының себебі белгісіз, қазір тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети