04 ақпан 2020 08:53

Қытайда бір тәулікте коронавирустан 64 адам қайтыс болды

Ашық интернет көзінен алынған сурет

Қытайдың Хубей провинциясында жаңа коронавирустан қаза тапқандардың саны 414-ке жетті, ал жұқтырғандардың саны - 13 522, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Хубей провинциясында жаңа коронавирустан қаза тапқандардың саны 414-ке жетті, ал жұқтырғандардың саны - 13 522, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 3 ақпанда 64 адамның қайтыс болғаны және ауру жұқтырудың 2 345 жағдайы тіркелген. Хабарламаға сенсек, жұқтырудың 1 242 дерегі дерттің ошағы Ухан қаласында тіркелген. 

Реклама
Реклама

4 ақпандағы 00.00 бойынша (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 22.00, 3 ақпан) 396 хубейлік коронавирустан емделген.

Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухан қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтаған - 2019-nCoV жаңа коронавирусы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram