1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытайда коронавирус жұқтырған тағы үш адам анықталды

© REUTERS © REUTERS

Қытайда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған науқастар анықталды, - деп хабарлайды Lenta.ru

Коронавирус жұқтырған екі адам шетелден келсе, тағы бір адам Қытай аумағында COVID-19 жұқтырған.  Ал 22 мамырда елде алғаш рет коронавирус жұқтырған науқастар тіркелмеген. 

24 мамырдағы мәлімет бойынша, Қытай дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 14-орынға түскен. Елде коронавирус пандемиясы басталғалы бері COVID-19  жұқтырған 82 974 адамның 78 261-і аурудан айығып шыққан. Қайтыс блғандардың саны - 4634. Қытайда шамамен әлі 79 адам ем қабылдап жатыр.  

Еске салайық, коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 53-орында тұрған Қазақстанда 8322 адам анықталды. Оның ішінде коронавирус пандемиясы басталғалы елімізде 4214 аурудан айықса, 35 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!