20 ақпан 2014 09:41

Қытайда норовирус өршіп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото kvu.su фото kvu.su

"Шығыс Қытайда норовирус індеті 400-ден астам мектеп оқушысы жұқтырған" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ауру ошағы - Шығыс Қытайдың Хайнин қаласы және Хайянь уезі саналып отыр. Мектеп оқушылары құсып, асқазан бұзылуы орын алған. Оқу орындарында сабақтар тоқтатылған. Індет 11 және 13 ақпан күндері басталған. Қазіргі кезде инфекция себептері анықталуда. "Қазақстанға қатыстырып айтар болсақ, биыл бұл инфекция жұқтырды деген адам кезіккен жоқ" дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары. Басқа медицина мамандардың сөзі де осыған саяды. Дегенмен біз "норовирус деген не болды екен" деп біраз мамандарға сұрау салып көрдік. "Норовирус барлық жастағы адамға жұғуы мүмкін. Ол жуылмаған тағам, тазартылмаған судан немесе жеке қарым-қатынас арқылы жұғуы мүмкін. Сондай-ақ эпидемия түрме, аурухана, базар сынды қоғамдық орындарда тез таралады. Бұл ауру түрі барлық елде бар. Көршілес Ресейде норовирус көбіне жуылмаған тағамдар арқылы таралады" деп отыр отандық мамандар. Бір сөзбен айтқанда норовирус тұмаудың бір түрі. "Жұқпалы дерт Қытайда ақпан айының соңына дейін сақталып тұрады" деген болжам бар. Қытаймен арадағы алыс-беріс сауданы ескергендіктен отандық медицина мамандары ел тұрғындарына бұл вирус түрінен сақтанып жүруге кеңес береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети