19 мамыр 2020 10:19

Қытайда шөл жасыл алқапқа айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/cgtnrussian Фото: twitter.com/cgtnrussian

Му-Ус шөлі - Қытайдағы ең басты төрт шөлдің бірі. Ол солтүстік-батыстағы Шэнси провинциясының картасынан жойылды. Себебі бос жердің 93,25 пайызы жасыл алқапқа айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Популярная механикаға" сілтеме жасап.


Му-Ус шөлі - Қытайдағы ең басты төрт шөлдің бірі. Ол солтүстік-батыстағы Шэнси провинциясының картасынан жойылды. Себебі бос жердің 93,25 пайызы жасыл алқапқа айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Популярная механикаға" сілтеме жасап.

Шөлдің аумағы 42 200 шаршы шақырым болатын. Бұрын бұл жерде ағаш болмады. Шөлдің шетінде орналасқан Юйлинь қаласы құмды желдің салдарынан үш рет оңтүстікке қарай көшуге мәжбүр болды.

1959 жылдан бастап жергілікті тұрғындар құмды желді ұстап тұру үшін ағаш еге бастады. Қаншама жыл бойы еткен еңбектің арқасында олар жасыл бөлікті солтүстікке қарай 400 шақырымға дейін ұлғайтты.

"Шөл картадан жоғалып кетті дегенде картадан бос жердің жоғалғаны туралы айтамыз. Егер тағы да күш салсақ, онда қалған құмы бар 30 000 гектарға жуық аумақ та болмайды", - деді Шэньси провинциясының орман бюросының басшысы Дан Шуанжэнь.

1950 жылдары Юйлин қаласына орман алқабы 0,9 пайызды құрайтын, қазір ол 33 пайызға жетті. 

Қазір жергілікті тұрғындар COVID-19 пандемиясы салдарынан жоғалтып алған уақыттағы жұмысты атқару үшін барын салып жатыр. Олар мамыр айының соңына дейін 400 гектар құмды жерге ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети