12 мамыр 2022 12:00

Қытайдағы қызыл аспан жұрттың үрейін ұшырды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қытайдың Чжоушан қаласында қызыл аспан жұрттың үрейін ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайдың Чжоушан қаласында қызыл аспан жұрттың үрейін ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

LADBible порталының мәліметінше, тұрғындар әлеуметтік желіде аспан кадрларын жүктеп, бұл не екеніне болжам жасап жатыр. Біреулер тіпті апокалипсис басталды деп шешкен. 

"Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін. Аспан қызыл түске айналуы мүмкін екені қатты таңғалдырады", - деп жазды олардың бірі.

Алайда жергілікті метеорологтар тұрғындарды сабырға шақырды. Чжоушан метеорологиялық бюросының қызметкерлері сенбіде қала тұманды және бұлтты болғанын, ал қызыл аспан кезінде жаңбыр жауып тұрғанын айтты. 

"Ауа райы жақсы кезде атмосферадағы су аэрозоль түзеді, олар қайықтардың жарығын сындырып, шашыратады. Содан адамдар көрген қызыл аспан пайда болды", - деді мамандар. Бұл туралы Global Times жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети