17 сәуір 2020 09:32

Қытайдың жалпы ішкі өнімі 28 жылда алғаш рет құлдырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pixabay.com Сурет: pixabay.com

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қытайлық ЖІӨ коронавирус пандемиясының ықпалынан 6,8 пайызға төмендеді. Мұндай оқиға 28 жылда алғаш рет болып отыр. Ақпаратты ҚХР Мемлекеттік статистикалық бюросының 17 сәуірде жарияланған деректері растайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай экономикасы статистика жүргізе бастағалы бері, 1992 жылдан бастап алғаш рет көрсеткіштің төмендеуін көрсетті. Баяндамаға сәйкес, Қытайдың жылдық ЖІӨ-і - 20,650 триллион юань (шамамен 3 триллион доллар).

Мұның алдында сарапшылар Қытай экономикасы 6,5 пайызға құлдырайды деп болжаған еді, алайда нәтиже ойдағыдан да төмен болып шықты. 2019 жылдың бірінші тоқсанында ҚХР ЖІӨ 6,4 пайызға өскен. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, Қытай экономикасы 6,1 пайызға өсті.

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) күшті дағдарыстың басталатынын болжаған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети