1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит пен мысықтың етін пайдалануға тыйым салынды

© REUTERS © REUTERS

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 1 мамырдан бастап мысық пен иттің етін сатуға және оны пайдалануға тыйым салынады, - деп хабарлайды REUTERS

"Ит пен мысық - адамдарға ең жақын үй жануары, сондықтан олардың етін қолдануға тыйым салу Гонконг пен Тайван секілді дамыған мемлекеттерде қалыпты практика", - делінген билік хабарламасында. 

Humane Society International мәліметінше, Қытайда жыл сайын 10 миллион ит пен 4 миллион мысықты етін қолдану үшін сойылатын көрінеді. 

Бұған дейін Қытайда ғалымдар коронавирус тараған болуы мүмкін деп топшылаған жабайы жануарларды сатып, олардың етін қолдануға тыйым салынған. Тек шошқа, қой, қоян, үйрек, қаз, көгершін мен басқа да үй жануарын, сондай-ақ балықтың етін қолдануға рұқсат етілген.  

Еске салайық, Қытайдағы коронавирус індеті туралы 2019 жылдың желтоқсанында белгілі болған. Бүгінде вирустың бұл түрін миллионнан аса адам жұқтырып, 51 мыңнан аса адам көз жұмған.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!