05 қаңтар 2022 11:21

Қытайдың тағы бір қаласында локдаун енгізілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қытай билігі Ючжоу қаласында локдаун енгізді. 1,2 миллион адам тұратын қалада үш жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап. 


Қытай билігі Ючжоу қаласында локдаун енгізді. 1,2 миллион адам тұратын қалада үш жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап. 

Бейжіңнен оңтүстік-батысқа қарай 700 шақырым жерде орналасқан Ючжоу тұрғындарына қаладан шықпауға бұйрық берілді. Қаланың түрлі бөліктеріне арналған ережелер енгізілді: кейбір бөлігінде халыққа кіруге рұқсат берсе де, шығуға рұқсат жоқ. Ал басқалары екеуіне де рұқсат бермеді. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды, тек жедел жәрдем көліктеріне рұқсат берілді. Барлық дүкен, ойын-сауық, демалыс орындары жабық. "Күнделікті тұрмысқа арналған тауарлармен қамтамасыз ететін" кәсіпорындар ғана жұмыс істей алады.

"Вирус қайдан таралып жатқаны белгісіз болғасын, жағдайлар саны да белгісіз. Қалада вирусты бақылау және алдын алу өте қиын", - делінген Сючан қаласы билігінің мәлімдемесінде.

Қытай ақпанда өтетін қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында вирусқа қарсы күшті стратегия ұстанады. Егер қалада жаңа жағдай тіркелсе, дереу қатаң карантин шаралары енгізіледі. Сонымен қатар, Коммунистік партия пікірінше, коронавирусқа қарсы дұрыс жұмыс істемеген шенеуніктерге санкция немесе жұмыстан босату шарасы қолданылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети