06 тамыз 2019 16:01

Қытайлық алтын өндірушілерді сабаған қырғыздар сотталуы мүмкін

Видео кадры ©instagram.com/kabarlar.kg Видео кадры ©instagram.com/kabarlar.kg

Қырғызстанда қытайлық алтын өндірушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жанжал туды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қырғызстанда қытайлық алтын өндірушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жанжал туды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға 5 тамыз күні Нарын облысындағы Солтон-Сары аймағы өңірінде болған. 

"Жақын маңдағы ауылдың 300-ге жуық тұрғыны Zhong Ji Mining компаниясының алтын кенішіндегі жұмысты тоқтатуды талап еткен. Екі тарап бір-біріне тас лақтырысқан", - деп хабарлаған өңір әкімшілігі.

Жанжал нәтижесінде 20-ға жуық адам зардап шеккен. 24.kg хабарлауынша зардап шеккендердің барлығы Zhong Ji Mining компаниясының қызметкерлері. 

Сонымен қатар Қытай компаниясына тиесілі техника құралдары да зардап шеккен.

Солтон-Сары өңірінің тұрғындары шахта орналасқан маңда малдың өлім-жітімі көбейгенін айтқан. Жергілікті халықтың сөзінше, бұған жақын маңдағы өзендердегі жарылыс пен химиялық судан улану себеп болған. Алайда, Қырғызстан үкіметі мұны дәлелтейтін ешқандай айғақ таба алмады. 

Жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Аталған дерек бойынша Нарын облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінде тіркелді, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мекеме мәліметінше, қазір аймақтағы жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Сондай-ақ төтенше жағдай аймағына Қырғызстан вице-премьері Кубатбек Буронов келіп жеткен. Жоғары лауазымды тұлғалар жергілікті тұрғындармен кездесу өткізбекші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети