29 маусым 2021 17:21

Қытайлық CoronaVac вакцинасы балаларға сынақтан сәтті өтті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Қытайлық CoronaVac вакцинасы үш жастан асқан балалар үшін тиімді және қауіпсіз. Бұл туралы Lancet ғылыми журналы сынақтың бірінші және екінші кезең нәтижесіне сүйене отырып жазған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қытайлық CoronaVac вакцинасы үш жастан асқан балалар үшін тиімді және қауіпсіз. Бұл туралы Lancet ғылыми журналы сынақтың бірінші және екінші кезең нәтижесіне сүйене отырып жазған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған CoronaVac вакцинасы 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар тобына сыналған. 2020 жылғы 31 қазанынан 2 желтоқсанға дейін жүргізілген сынақтардың бірінші кезеңіне 72 адам қатысқан. 2020 жылдың 12 желтоқсанынан 30 желтоқсанына дейін өткізілген екінші кезеңге 480 адам қатысқан.

Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен кейін вакцина салдырған балалардың 100 пайызында антиденелер анықталған. Екінші кезеңнен кейін антиденелер препараттың 1,5 микрограмм дозасын алған балалардың 96,8 пайызында, 3 микрограмм дозасын алған балалардың 100 пайызында анықталған. Плацебо алған балаларда антиденелер табылған жоқ, деп жазды басылым.

Осы сынақтар нәтижесіне сүйенсек, вакцинациядан кейін 28 күн ішінде жағымсыз әсер 1,5 микрограмм доза алған балалардың 26 пайызында және 3 микрограмм доза алған балалардың 29 пайызында тіркелген. Көп жағдайда жанама реакция инъекция орнының ауырсынуы болған.

Сынақ нәтижелері бойынша ғалымдар CoronaVac вакцинасы жақсы төзімді, қауіпсіз және балалар мен жасөспірімдерде иммундық жауап тудырды деген қорытындыға келген.

Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 1 маусымда Алматыға келген болатын. Бұл препарат Қазақстан азаматтарына коронавирусқа қарсы вакциналау үшін қолжетімді төртінші вакцина. Вакцинаны Пекин фармацевтикалық компаниясы Sinovac шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети