28 мамыр 2017 17:49

Қызды суға тартып әкеткен теңіз арыстаны оған ауру жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз арыстаны суға тартып әкеткен канадалық қыз жұқпалы ауру жұқтырған, - деп хабарлайды Mashable


Теңіз арыстаны суға тартып әкеткен канадалық қыз жұқпалы ауру жұқтырған, - деп хабарлайды Mashable

Басылымның мәліметінше, теңіз арыстаны қызды жамбасынан тістеп алған сәтте өте қауіпті ауру жұқтырған болуы мүмкін. Теңіз сүтқоректі жануарының аранында сақталатын сирек инфекциядан саусақ буындары ауыруы мүмкін. ABC News мәліметінше, қыз саусағынан айырылуы мүмкін. Алайда дәрігерлер мұндай қауіп төніп тұрмағанын айтады, себебі оқиғадан кейін қызға барлық қажетті егу шаралары жүргізілген.

Еске салайық, таяуда Канаданың Ричмон қаласында теңіз арыстаны қызды суға тістеп әкеткен еді. Жарияланған видеода ақ көйлекті қыздың жағада отырғанын, кейін ескекаяқты жануардың судан атып шығып, су астына әкеткенін көруге болады. Қызға көмектесу үшін ер адам артынан сүңгіп кетіп, абырой болғанда, қызды алып шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети