02 қазан 2017 13:04

Лас-Вегаста атыс болды: Екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo © AP Photo

Лас-Вегаста фестиваль кезінде белгісіз біреу атыс шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Лас-Вегаста фестиваль кезінде белгісіз біреу атыс шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, атыс қаладағы ірі казинолардың бірінде Mandalay Bay казиносы аумағында шыққан.

"Mandalay Bay Casino маңында болған атыс жайлы мәліметті тексеріп жатырмыз. Барлығынан осы аумаққа жақындамауларын сұраймыз", - деп жазды полициядағылар Twitter желісінде.

Hollywood Reporter басылымының мәліметінше, кем дегенде 20 адам зардап шекті. Ал REUTERS агенттігі екі адамеың қаза болып, 24 адамның жарақат алғанын хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынш, атқыш Mandalay Bay Hotel қонақүй кешенінің балконында атыс шығарған. Ол сол маңда өтіп жатқан фестиваль қатысушыларын атпақ болған.
Сондай-ақ, қаланың тағы екі аумағында атыс болғаны жайлы хабарлама келген, бірақ полициядағылар ол мәліметті растамады. Басылымның мәліметінше, атқыш қазір қашып жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети