Лас-Вегаста атыстан қаза тапқандардың саны 50-ден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лас-Вегаста атыстан қаза тапқандардың саны 50-ден асты © REUTERS

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Лас-Вегастағы атыстың салдарынан 50-ден аса адам қаза тауып, тағы 200 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Лас-Вегастағы атыстың салдарынан 50-ден аса адам қаза тауып, тағы 200 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости

Басылымның мәліметінше, күдікті - 64 жастағы Стивен Пэддок. Ол Mandalay Bay Hotel қонақүй кешенінің 32-қабатынан оқ атқан.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта екі көлікке іздеу жарияланды - Hyundai Tucson мен Chrysler Pacifica Touring минивэні.

Осыған дейін атыстан 20 адамның қырылғаны хабарланған болатын. Қазір полиция қаскөйдің қасында болған қызды іздестіріп жатыр. Шерифтің айтуынша, қыздың есімі - Мэри Лу Дэнли (Mary Lou Denley). Ол күдіктімен бірге жүрген. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Лас-Вегаста атыс болып, екі адамның қаза болғаны жайлы хабарланған болатын. Hollywood Reporter басылымының мәліметінше, кем дегенде 20 адам зардап шекті. Ал REUTERS агенттігі екі адамеың қаза болып, 24 адамның жарақат алғанын хабарлайды.

Ал кейінірек Желіде Лас-Вегаста атыс басталған сәттің видеосы жарияланды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети