Лас-Вегастағы қырғын: Автоматпен 20 адамды қырып салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лас-Вегастағы қырғын: Автоматпен 20 адамды қырып салған © AP Photo

Лас-Вегастағы атыстың салдарынан 20 адам қаза тауып, 100-ден аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Лас-Вегастың шерифі Джозеф Лобмардо мәлімдеді. Оның айтуынша, екі полицей қаза тапқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лас-Вегастағы атыстың салдарынан 20 адам қаза тауып, 100-ден аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Лас-Вегастың шерифі Джозеф Лобмардо мәлімдеді. Оның айтуынша, екі полицей қаза тапқан.

Басылымның мәліметінше, полиция атысты тоқтатты. Атыс шығарған адам жергілікті тұрғын болып шықты. Оның аты-жөні анықталды, бірақ тергеу мүддесіне байланысты есімі жарияланбайды.

Қазіргі уақытта полиция жақын маңдағы жолдарды жапты. Мак-Карран қалалық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, күдіктінің Mandalay Bay Hotel қонақүй кешенінің 32-қабатынан атқаны белгілі болды.

Қазір полиция қаскөйдің қасында болған қызды іздестіріп жатыр. Шерифтің айтуынша, қыздың есімі - Мэри Лу Дэнли (Mary Lou Denley). Ол күдіктімен бірге жүрген. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Лас-Вегаста атыс болып, екі адамның қаза болғаны жайлы хабарланған болатын. Hollywood Reporter басылымының мәліметінше, кем дегенде 20 адам зардап шекті. Ал REUTERS агенттігі екі адамеың қаза болып, 24 адамның жарақат алғанын хабарлайды.

Ал кейінірек Желіде Лас-Вегаста атыс басталған сәттің видеосы жарияланды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети