22 тамыз 2016 13:39

Леонардо Ди Каприо жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.day.az © news.day.az

Атақты америкалық актер Леонардо Ди Каприо дат моделі Нина Агдалмен бірге жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Reuters.


Атақты америкалық актер Леонардо Ди Каприо дат моделі Нина Агдалмен бірге жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Reuters.

The Wrap порталының мәліметінше, Нью-Йорктің ең атақты аудандарының бірінде (Хэмпстон) актер өзінің Range Rover автокөлігімен Mini Cooper көлігіне соғысқан. Жол апатынының салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 
 
"Лео болған жағдайға салқынқандылық танытты. Ол Mini Cooper автокөлігінің жүргізушісіне көмектесіп, есеңгіреп қалған қызды жол жиегіне шығарып салды", - деп жазады басылым белгісіз куәгердің сөзіне сүйеніп.

Ди Каприо президенттікке үміткер Хилари Клинтонды қолдап, Лос-Анджелестегі үйінде қайырымдылық кешін ұйымдастыруы тиіс болған, алайда кешті соңғы уақытта Джастин Тимберлейк пен оның әйелі Джессика Бил өткізетін болған.

Шетелдік БАҚ бұл ауыстырудың себебі ретінде АҚШ-тың Әділет министрлігінің Ди Каприоның қайырымдылық қорынан 3 миллиард долларды жымқыру бойынша тексерулерге байланысты деп санайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети