20 желтоқсан 2016 19:13

Линдси Лохан Түркиядағы сириялық босқындарға көмектесуге барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gandex.ru © gandex.ru

Линдси Лохан Түркиядағы сириялық босқындарға көмектесуге барады, - деп хабарлайды Lenta.ru Page Six порталына сілтеме жасап. Белгілі голливуд әртісі сириялық босқындарға осымен екінші рет көмектеспекші. Ол 2016 жылдың күзінде ерікті ретінде көмек берген болатын. 


Линдси Лохан Түркиядағы сириялық босқындарға көмектесуге барады, - деп хабарлайды Lenta.ru Page Six порталына сілтеме жасап. Белгілі голливуд әртісі сириялық босқындарға осымен екінші рет көмектеспекші. Ол 2016 жылдың күзінде ерікті ретінде көмек берген болатын. 

30 жастағы әртіс басылымға берген сұхбатында бұл сапарын әлі Жаңа жылға дейін не кейін баратынын шешпегенін айтады. "Бұл мәселе Түркиядағы жағдайға (Ыстамбұлдағы террорлық шабуыл) байланысты болып тұр. Бірақ мені ешқандай да террорлық шабуыл көмек көрсетуім үшін тоқтата алмайды", - деді Линдси. 

Сонымен қатар, жаңа жылда, Лоханның айтуынша ол Дубайда түнгі клубта болады. Ол онда кеш жүргізушісі болмақшы. 

Қазан айында Лоханның Сирия шекарасынан жақын маңдағы түркиялық Газиантеп провициясында босқындар мекендеген лагерде болған белгілі болды. Ол сирялық босқындардың отбасыларымен сөйлесіп, балаларына сыйлықтар сыйлаған. Сондай-ақ әртіс жергілікті тұрғындармен түскен суреттерін жариялаған. 

Линдси Лохан - Америка актрисасы, әнші, музыкант, модель, киім дизайнері. Толық аты-жөні - Линдси Ди Лохан (Lindsay Dee Lohan).

Шоу-бизнес әлеміне 3 жасынан бастап келді. Фордтың модель агенттігіне жұмыс істеген алғашқы сәби атанды. "Қорқынышты кино 5", "Ловушка для родителей", "Чумовая пятница", "Дрянные девчонки", "Сумасшедшие гонки", "Поцелуй на удачу" и "Крутая Джорджия" фильмдеріне түскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети