24 сәуір 2017 21:06

Ливандық әйелдер Бейрут жағалауына той көйлектерін іліп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Independent. © The Independent.

Ливандық әйелдер ел астанасы Бейрут қаласының жағалауына той көйлектерін іліп қойды, - деп хабарлайды The Independent.


Ливандық әйелдер ел астанасы Бейрут қаласының жағалауына той көйлектерін іліп қойды, - деп хабарлайды The Independent.

Басылымның мәліметінше, әйелдер осы әрекетке наразылық білдіру мақсатында барған. Олар ескі заңға (егер зорлықшы жәбірленушіге үйленетін болса жазадан құтылуына мүмкіндік беретін заң) көңілі толмайтынын жеткізген. 

Ілінген 31 той көйлегі бір ай ішіндегі күн санын білдіреді, яғни олар күн сайын зорлық көруі мүмкін. Басылым мәліметінше, той көйлектері желге теңселген мәйіттерді бейнелейді. 

Ливанның Қылмыстық кодексінің 522-бабына сәйкес, зорлықшылар жеті жылға бас бостандығынан айырылады. Алайда зорлықшы жәбірленушімен үйленетін болса, жазадан құтылып кетеді екен. The Independent мәліметінше, мұндай шешім 1940 жылдары қабылданған. 

Ақпанда парламенттік комитет осы олқылықты жою үшін дауыс берді, алайда барлық депутаттың дауыс беру рәсімі 15 мамырға белгіленген.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети