Ливиялық ұшақты басып алғандар Мальта билігіне берілді

23 Желтоқсан 2016, 22:25
0
Ливиялық ұшақты басып алғандар Мальта билігіне берілді -

Ливиялық ұшақты басып алғандар биліктегілерге беріліп, қамауға алынды. Бұл туралы Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, арнайы жасақ Afriqiyah әуекомпаниясының ұшағына,басып кірген.

Триполи әуежайындағы дереккөздің мәліметінше, Ливияның Afriqiyah компаниясы жолаушыларды үйлеріне жеткізу үшін ұшақ беріп отыр. Ұшақ әуежайдан ұшуға дайын. Енді қазір Мальта билігіндегілердің рұқсатын күтіп отыр.

Еске салайық, мальталық БАҚ-тар ливиялық Afriqiyah Airways әуе компаниясының бортында 118 адамы бар ұрланған ұшағының ұрланғанын және оның Мальтада қонғанын хабарлаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 118 жолаушы болған. Осыған дейін олар өздерін "Каддафидің ізбасарымыз" деп таныстырған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай