23 наурыз 2017 09:52

Лондондағы теракт кезінде депутат полицейді аман алып қалуға тырысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© people.com © people.com

Консервативтік партия мүшесі Тобиас Эллвуд лаңкес жаралаған полицейге жасанды жолмен тыныс алдырып, жарасын таңуға тырысқан, - деп хабарлайды Life.ru.


Консервативтік партия мүшесі Тобиас Эллвуд лаңкес жаралаған полицейге жасанды жолмен тыныс алдырып, жарасын таңуға тырысқан, - деп хабарлайды Life.ru.

Дегенмен жаралы полицей тым көп қан жоғалтқан. Сонымен бірге, Эллвуд жедел жәрдем келгенше полицейдің қасында болды. 

Тобиас Эллвуд бұрындары Британия әскерінің офицері болғаны белгілі. 

"Бұл үлкен қайғы. Дәрігерлер келгенше қанды тоқтатып, жасанды жолмен тыныс беруге тырыстым, бірақ, ол тым көп қан жоғалтқан сияқты. Оның денесінде жарақат көп болды," - дейді депутат.

Соңғы мәліметтер бойынша, Лондондағы теракт кезінде шабуылдаушыны қосқанда бес адам мерт болды және 40 шақты адам жарақат алды. 

[removed][removed]

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети