27 қаңтар 2014 14:36

Лос-Анджелесте Грэмми жүлдесі табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылдың ең маңызды музыкалық жобаларының бірі "Грэмми" жүлдесін табыстау салтанаты Лос-Анджелес қаласында өтті. Америкалық дыбыс жазу академиясының сайты жариялағандай "Грэмми" жүлдесін иеленгендер арасында америкалық әнші Джастин Тимберлейк пен Daft Punk ең үздіктер деп танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Джастин Тимберлейк "Грэмми" жүлдесін бірнеше аталым бойынша жеңіп алды. Оның Suit&Tie әні "Грэмми" жүлдесін "Үздік видео" аталымы бойынша иеленді. Ал Pusher Love Girl әні "Үздік R&B композиция" деп танылды. Ал "Үздік R&B альбом" аталымы Алишидің Кис Girl On Fire аьбомына бұйырды. Сондай-ақ Джастин Тимберлейк пен рэп әнші Jay Z-дің Holy Grail компазициясы "Үздік рэп-дуэт" деп танылды. Салтанатты кештің тағы бір таңғаларлық жаңалығы Macklemore & Ryan Lewis америкалық дуэті "Грэмми" жүлдесіне "Үздік рэп-орындау" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ең үздік рэп-ән Thrift Shop деп танылды. Сондай-ақ бұл дуэт "Үздік жаңа әртіс" аталымы бойынша да жеңімпаз атанды. Аты аңызға айналған франциялық электрондық дуэт Daft Punk тобы да жүлдесіз қалған жоқ. Олардың Фаррел Уильямспен бірлесіп жазған Get Lucky компазициясы "үздік дуэт және топтық орындау" және "Үздік үн жазба" аталымдары бойынша алғашқы орынға шықты. Сондай-ақ олардың Random Access Memories альбомы "Үздік электрондық би альбомы" деп танылды. "Грэмми" жүлдесінің иегерлерінің бірі жаңазеландиялық әнші 17 жасар Lorde. Ол "Ең үздік жеке орындау" аталамы бойынша жеңіске жеткен. Оның орындауындағы Royals хиті "Грэмми" жүлдесіндегі ең маңызды деп саналатын "Жыл әні" аталымына ие болды. Пол Маккартни, Дэйв Грол, Пэт Смир и Крист Новоселич бірлесіп жазған Cut Me Some Slack "Үздік рок-ән" ретінде танылды.Led Zeppelin тобының Celebration Day албомы "Үздік рокальбом" аталымын жеңіп алды. "Грэмми" жүлдесінің салтанатты тапсырылуы Лос-Анджелес қаласында 56-рет өтіп отыр. 2014 жыл "Грэмми" салтанатты кеші әнші Бейонсе мен Jay Z орындауындағы Drunk In Love әнімен ашылды. Сондай-ақ музыкалық кеште Daft Punk, Тейлор Свифт, Pink және басқа да атақты музыканттар өнер көрсетті. "Грэмми" кешінде The Beatles тобының бұрынғы әншілері Пол Маккартни және Ринго Старр да ән салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети