05 тамыз 2021 14:38

Лукашенко Беларусь шекарасын әр метріне дейін жабуды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік шекараны әр метріне дейін жабуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап.


Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік шекараны әр метріне дейін жабуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, ел президенті қауіпсіздік қызметкерлеріне мемлекеттік шекараны күзету және оны бұзу дерегінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырған.

"Бүгіннен бастап Беларусь аумағына оңтүстіктен де, батыстан да ешкім аяқ баспауы керек. Оны қалай істейтініңізді кездесуден кейін талқылаймыз. Мемлекеттік хатшымен жиналасыздар. Мұнда ІІМ министрі, қорғаныс министрі бар. Шекараны әр метріне дейін жабыңыз. Шекара әскерлеріне, жалпы күш құрылымдарымызға үлкен қаражат бөлінген, бұл бекер емес.

Халық тыныштықта болуы керек, оларды қорғайтын адамдар бар екенін білуі керек. Ал, ол біздің қолымызда. Олар (көрші елдер) шақырған адамдарды ресми өткізу бекттері арқылы қуып шығару тактикасын бастауы мүмкін (заңсыз мигранттар туралы. - ескерт. БЕЛТА). Қазірдің өзінде солай болып жатыр ... Оның салдары қандай болатынын білесіз, олар да. Сондықтан өздері ойлансын. Біз оларға ескерту жасадық, енді ойлансын", - деді Лукашенко шекарадағы жағдай туралы кездесу барысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети