24 тамыз 2020 08:58

Лукашенко қоршаудан шығып, әскерилерге алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскідегі Тәуелсіздік Сарайының қоршауынан шықты. Видеоны жексенбіде Пул Первого Telegram-каналы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскідегі Тәуелсіздік Сарайының қоршауынан шықты. Видеоны жексенбіде Пул Первого Telegram-каналы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы брондалған жилет киіп, Калашников асынып, резиденцияны күзеткен күш құрылымдарына алғыс айтты. 

Сарбаздар президентке: "Біз соңына дейін сізбен біргеміз!" деп ұрандатты. Оған Лукашенко "Рақмет, жарайсыңдар!" деп, кейін "Біз олардың ісін тындырамыз!" деді.

Белорус лидерінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт президент тікұшақпен қашты деген қауесетке қатысты пікір білдіре отырып, жексенбіде таңғы уақыттан бері Лукашенко Тәуелсіздік Сарайындағы ситуациялық орталықта жұмыс істегенін хабарлады.

"Митингіге шыққандар кешкі уақытта ғимаратқа басып кіруге тырысқанда мемлекет басшысы сарайда болды. Бірақ митингіге шыққандардың батылдығы ұзаққа созылмады. Не боларын көрген соң тұра қашты", - дейді баспасөз хатшысы.


Наталья Эйсмонт. © БЕЛТА

Оның айтуынша, осыдан кейін президент тікұшақ шақыртып, қаланы аралап шыққан. "Биіктен митингіні қарады. Жағдайды бақылады. Тәуелсіздік Сарайына оралып, ол бірінші кезекте сарайды қоршап тұрған сарбаздарға алғыс айтты. ОМОН сарбаздарына барып, оларға да алғыс айтты", - деп келтіреді Эйсмонттың сөзін БЕЛТА агенттігі.

"Өзі уәде еткендей ешқайда да қашқан жоқ, кей блогер мен Тelegram-каналдар қанша жазып жатса да. Балалары да бірге болды. Кадрлардан кенже ұлын көруге болады", - деді баспасөз хатшысы.

Агенттік жариялаған видеодан Лукашенконың автоматты оқтап жатқанын көруге болады.

23 тамызда Минскіде және басқа да қалаларда жалпыұлтық наразылық акциялары жалғасты. Көшелерге жүздеген мың адам шығып, Александр Лукашенконың кетуін талап етті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети