11 қыркүйек 2020 | 16:30

Лукашенко Мәскеуге барады

© REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко 14 қыркүйекте Ресейге ұшып барады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко 14 қыркүйекте Ресейге ұшып барады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

Песковтің айтуынша, Лукашенко РФ президенті Владимир Путинмен әңгімелесетінін айтады. Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекет басшылары арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты болмайды.

Реклама
Реклама

Литва Светлана Тихановскаяны Беларусь президенті деп таныды

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко биліктен кетпейтінін мәлімдеген еді. 

"Ер адам ретінде пікірімді білдірейін, бізде түсінбестік болған емес. Маған "билікті бергісі келмейді" деген айып жиі тағылады. Сын орынды. Бірақ халық мені ол үшін сайлаған жоқ. Сіздер де биліктің иесісіздер, оның бір бөлігісіздер. Билік адамға оны қолға алып, тастай салу үшін берілмейді. 90-жылдардың ортасында билікте былық көп еді. Кейбірі оған аяғын сүртетін. Бұл кезең көбінің есінде. Мен Беларусьтің сол уақытқа оралуын қаламаймын. Сондықтан ешкім билікті кінәлай алмайды", - деді Лукашенко.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная